Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды
13 Сәуір 2025
Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған. Ал тағы екі жұмысшы міндетті медициналық тексеруден өтпеген болып шықты.

- Ас үйден алынған 9 сынамадан ішек таяқшасы бактериялары, дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды микроорганизмдер анықталды. Ал дәнді дақылдар көкөністер қоймасында сақталған. Асханада дымқыл тазалау жүргізілмеген, - дейді департамент басшысы Мұхтар Сербаев.
Ведомство басшысының айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа дейінгі тергеу үшін полицияға берілген. Қазір асхана жабық. Бірақ оқушылар оқуын жалғастырып жатыр.