Маск «Америка» атты жаңа саяси партия құрылғанын жариялады
7 Шілде 2025
Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, «Америка» атты жаңа саяси партияның құрылғанын жариялады, деп жазады ТАСС.

– 2-ге 1 нәтижемен сіздер жаңа саяси партияның қажет екенін қолдадыңыздар – енді ол болады. Елді шектен тыс шығындар мен парақорлық банкротқа ұшыратып жатқан қазіргі жағдайда біз демократияда емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Сіздердің бостандықтарыңызды қайтару үшін бүгін «Америка» партиясы құрылды, – деп жазды ол X желісінде.
Сауалнамаға 1,2 миллионнан астам қолданушы қатысқан. Олардың 65,4 пайызы жаңа партия құруды қолдаған.