Мектепте хиджаб киюге тыйым салу дұрыс емес деп санаймын – Нұртас Адамбай
Актер, кинопродюсер Нұртас Адамбай еліміздегі мектепте хиджаб киюге тыйым салынғанына қарсы екенін айтты.
⠀
Бұл туралы Адамбай Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында мәлімдеді.
⠀
Оның сөзінше, хиджаб – оны кигісі келген қыз бен Алланың арасындағы қарым-қатынас, сондықтан оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Кинопродюсер хиджабқа тыйым салынғанымен, қысқа етекті белдемше киюге рұқсат етілгеніне қынжылды.
⠀
– Мектепте хиджаб киюге тыйым салу дұрыс емес деп санаймын. Өйткені бұл адамның құқығын бұзады. Біздің елде заң бойынша дін ұстану еркіндігі бар. Мектеп оқушысы орамал таққысы келсе, ол оның Алламен қарым-қатынасының өлшемі. Ол араға килігуге болмайды. Қыздың орамал таққаннынан кімге зиян тиеді? Орамал тақпайтын басқа қыз ол үшін өзін жаман сезіне ме? Ол бір қорқынышты маска киіп алып, адамдарды қорқытып жүрген жоқ қой, – дейді Адамбай.