Мемлекет басшысы Қазыханмен Қазақстанның G20 саммитіне қатысуға дайындығын талқылады
18 Қараша 2026
Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Похожие новости