Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
16 Ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Похожие новости