Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
20 Тамыз 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.
Бұл Мажарстан Корольдігінің құрылуы және Мажарстанның бірінші королі Әулие Иштван I-ге құрмет көрсету үшін тойланатын мереке.