Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
27 Тамыз 2025
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
— Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, — делінген хабарламада.