Мемлекет басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты

10 Қазан 2023

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев:

➤ жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізілетінін айтты;

➤ жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген;

➤ халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады.

➤ жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады;

➤ түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.

Тегтер: