Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасын әлем чемпионатындағы нәтижесімен құттықтады

12 Қыркүйек 2023

«Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті.

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасын әлем чемпионатындағы нәтижесімен құттықтады

Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.

Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін!», – деп жазды Президент желідегі парақшасында.

Тегтер: