Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті
7 Қараша 2023
Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның осы ұйыммен мәдени және табиғи мұраларды қорғау саласында ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.
Жер жүзінде климат өзгеріп жатқан кезеңде ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматыдағы Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының дәйекті түрде жүргізіп отырған зерттеулерінің мән-мағынасы зор.