Мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды

15 Сәуір 2025

Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдаумен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексеру фактісін анықтады.

gov.kz
gov.kz

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесімен кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Осылайша, Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

— Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2)-тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — делінген Қызылорда облысы прокуратурасы хабарламасында.

Тегтер: