Месси мәрттік танытпақ

2 Наурыз 2023

Аргентиналық Лионель Месси әлем чемпионы атанған ұлттық құраманың ойыншылары мен қызметкерлеріне шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone смартфонына тапсырыс берді.

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Әрбір телефонға ойыншының аты мен нөмірі жазылып, Аргентинаның логотипі қойылады.

Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен хабарласып, екеуі бірігіп дизайн әзірлеген.

«Месси әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. Ол құраманың ойыншылары мен барлық қызметкеріне жеңістің құрметіне арнайы сыйлық жасағысы келетінін айтты», – деді iDesign Gold бас директоры Бен Лионс.

Месси мәрттік танытпақ
Тегтер: