Мүлікті мемлекетке сыйға тарту шарттары өзгеруі мүмкін

14 Шілде 2025

«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жаңа редакциясы 25 шілдеге дейін талқылауға шығарылып отыр.

Үкімет
Үкімет

— Мемлекеттік меншікке тиімсіз, ескірген немесе қайталанатын ақпарат технологияларының шешімдерін қабылдауға жол бермеу, «Электрондық үкімет» архитектурасының сақталуын бақылауды күшейту, үйлеспейтін ақпараттық жүйелерді қолдауға бюджеттің қосымша шығыстарын болдырмау, сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу рәсімін цифрландыру, — делінген құжаттың қабылдануынан күтілетін нәтиже туралы сипаттамада.

Жаңа редакция сыбайлас жемқорлықпен иемделген қаражатты тиімді қайтаруға арналған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының атауын «Арнаулы мемлекеттік қор» етіп ауыстыруды да көздейді.

Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу рәсімін «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы цифрландыру жоспарланып отыр.

Тегтер: