Nur Media холдингіне жаңа басшы тағайындалды
16 Ақпан 2022
Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметін басқарған Руслан Әлішев
Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы, Ішкі саясат басқармасының орынбасары және басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.
2 жылдан аса Nur Otan орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.
2020 жылдың мамыр айынан бастап Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып қызмет етті.