Нұр-Сұлтанның атауын өзгерткенше, Павлодар мен Петропавлды қазақшалаңдар! – Дәулет Мұқаев

2 Қыркүйек 2022

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан атауына құлақ та, көз де үйренген.

– Біздің елде Елорда атауын өзгертуден басқа проблема жоқ. Oдан да Павлодар мен Петропавл атауын ауыстырыңдар, қазақшалаңдар. Зауыт-фабрика ашыңдар! Жоқ дегенде тіс шұқитын ши, ине-жіп немесе дәптер шығаратын цехымыз ашылсын, елдегі қымбатшылықпен күресіндер!, – дейді экономист Дәулет Мұқаев.

Сондай-ақ ол «бір қала атауымен алыспай, әу баста қарсы шығу керек еді» деген пікірде.

– 2019 жылы бүкіл депутат қол шапалақтап, отырған жерлерінен тік тұрып, қолдады емес пе? Тіпті, арасында еңкілдеп жылағандары да болды. Бүгін енді басқаша сөйлей бастады. Сол кезде халықпен санасты ма?, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттарының Астана атауын қайтаруды ұсынғанын жазған болатынбыз.

Нұр-Сұлтанның атауын өзгерткенше, Павлодар мен Петропавлды қазақшалаңдар! – Дәулет Мұқаев
Тегтер: