НҰРЛАН БАЙЖІГІТҰЛЫ АСТАНАДАҒЫ МЕШІТКЕ БАС ИМАМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12 Мамыр 2023

Имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды.

НҰРЛАН БАЙЖІГІТҰЛЫ АСТАНАДАҒЫ МЕШІТКЕ БАС ИМАМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», — деп жазды Нұрлан имам.

Тегтер: