Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

24 Шілде 2025

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет
Үкімет

Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен сындарлы диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $27,8 млрд-қа жетті, 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-қа жетті.

– Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді, – деді Олжас Бектенов.

Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Тегтер: