Өңірлерге сұйытылған газ бөлу процесі автоматтандырылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен облыс әкімдеріне сұйытылған газ бөлу процесі автоматтандырудың ұсыныстарын бір айдың ішінде әзірлеуді тапсырды.

— Өңірлердің сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қалыптастыру және оны бөлу процестерін цифрландыру мәселесіне де назар аудару керек. Бүгінде ол қолмен атқарылады әрі мұндай тетіктің ашық болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Сондықтан бұл процесті цифрландырып, барлық қатысушыға түсінікті болатындай ету қажет, — деді ол.
Бұл жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.
— Энергетика министрлігіне және өңір әкімдеріне сұйытылған газды бөлу процестерін автоматтандыру бойынша бір ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, — деді Үкімет басшысы.