ОПЕК+ келісімінің сақталуын қамтамасыз етуге ниеттіміз — Сәтқалиев

7 Наурыз 2025

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан алдына қойылған міндеттемелерді толық орындауға ниетті.

Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі

— Серіктестерімізбен конструктивті диалог жүргізіп жатырмыз және олардың тарапынан түсіністік бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Мұнай өндіру көлемін қысқартуға және ОПЕК+ шеңберінде барлық келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді шаралар әзірлеудеміз. Қазақстан міндеттемелерді орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға ниетті, — деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Тегтер: