Оралда тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, 15 бала эвакуацияланды

4 Мамыр 2025

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ
ТЖМ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Орал қаласында С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен өрт шыққан.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуацияланды.

- Өрт толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.

Тегтер: