«Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына қол қойылды
17 Маусым 2025
«Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына қол қойылды. Бұл туралы ІІ саммит қорытындысына орай өткен брифингте «Орталық Азия – Қытай» форматы хатшылығының бас хатшысы Сунь Вэйдун мәлім етті.

- Алты мемлекеттің басшысы «Орталық Азия – Қытай» ІІ самитінің Астана декларациясына және Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан арасындағы мәңгі тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа бірге қол қойды. Сонымен қатар үш ынтымақтастық орталығы мен бір ынтымақтастық платформасының ашылу салтанатына қатысты, - деді Сунь Вэйдун.