Өскеменде балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
                                        1 Маусым 2025
                                    
                                Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.
 
                                        Қалада жаңа әлеуметтік бастама жүзеге асырылмақ.
— Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл ұсынысты шаһар әкімі Алмат Ақышов көтерді. Ондағы мақсат — бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және оқушылар мен студенттер үшін қолайлы жағдай жасау, — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтіп жатыр.
Тегін жүру мүмкіндігі баланың жасын растайтын құжатты көрсету арқылы қолжетімді болады.
                                    
                                        Похожие новости