Отандық компания мамырда Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады
7 Наурыз 2025
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент — Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарға енгізді.
Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.