Өзбекстанда бетті бүркемелейтін киім киюге және көп әйел алуға тыйым салынды
6 Қыркүйек 2023
Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:
— ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;
— заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;
— екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;
— әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;
— азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.