Палестина бойынша БҰҰ конференциясы 28-30 шілдеге жоспарланған

12 Шілде 2025

Таяу Шығысқа арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференция, бастапқыда маусым айына жоспарланған болатын, енді 28-30 шілде аралығында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде өтеді, деп хабарлайды ТАСС.

Анадолы
Анадолы

Бұл жөнінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы төрағасының ресми өкілі Шэрон Берч мәлімдеді.

Іс-шараның өткізілуі Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты кейінге шегерілген еді.

— Конференция 28-30 шілде аралығында өтеді, — деді ол.

17-20 маусым күндері Сауд Арабиясы мен Франция БҰҰ штаб-пәтерінде Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты екі мемлекет негізінде шешім табуға бағытталған жаһандық күш-жігерді ілгерілетуге арналған жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастыруы тиіс болған. Алайда 13 маусымда Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыс басталуына байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон бұл іс-шараның «логистика және қауіпсіздік мәселелеріне» байланысты кейінге қалдырылатынын жариялады.

Қазіргі таңда Палестина БҰҰ-ның 148 мүшесі тарапынан ресми түрде танылған. 95 елде Палестинаның елшіліктері мен тұрақты өкілдіктері жұмыс істейді.

Тегтер: