Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді

2 Қазан 2025

Digital Bridge форумында Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын хабарлады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ақорда
Ақорда

— Бір жыл бұрын Қазақстанда біздің алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық, қол жеткізген нәтижелерге өте қуаныштымыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана хабарлаймын. Ең алдымен, біз Telegram және Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырып отырмыз, бұл жоба Жасанды интеллект министрлігімен қолға алынып отыр. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия түрде, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін есептеу қуаттарының алғашқы ірі жеткізушісі болады деп үміттенеміз, — деді Дуров.

Форумда Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев сөз сөйледі.

Тегтер: