Павлодарда 40 млн теңге шығын келтірген бір топ мал ұрысы ұсталды

6 Наурыз 2026

Ұрылар малды жайылымда сойып, етке өткізіп келген. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Polisia.kz
Polisia.kz

Полицияның жедел қызметкерлері мар ұрлығымен айналысып келген 9 күдіктіні қолға түсірді. Олардың төртеуі қамауға алынды. Ұрылар қылмыстық топ құрған.

— Алдын ала мәлімет бойынша, өткен күзде күдіктілер жайылымдардан мал ұрлаған. Кейін малды сойып, етін өткізген. Келтірілген материалдық шығын 40 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов.

Бұдан бөлек, полиция ветеринариялық қызметпен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдау бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді. Мамандар жайылымдарды және қараусыз жүрген малды, сондай-ақ сауда нүктелерін, базарларды, сою пункттерін мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеріп жатыр.

Тегтер: