Павлодарда қоқыстарды сұрыптайтын зауыт салынбақ

1 Қыркүйек 2024

Павлодар қаласында қоқыстарды сұрыптайтын зауыт құрылысы қолға алына бастады.

АШМ
АШМ

Жобаға сәйкес, кәсіпорын тұрмыстық қатты қалдықтар төгілетін полигонда орналасады.

Павлодар қаласының аулаларындағы контейнерлерден күніне мыңдаған тонна қоқыс жиналады. Билік тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, жинау тәсіліне көшуді ойға алды. Бұл үшін қалдықтар төгілетін полигонда арнайы зауыт құру жобасы басталып кетті.

— Шаһарда ескі қоқыс контейлерлерін еуроконтейнерлерге ауыстыру жобасы жалғасып жатыр. Былтыр қоқыс төгуге арналған 800 еуроконтейнер сатып алған едік. Биыл Химқалашық шағын ауданынан бастап 133 заманға сай контейнерді орналастырдық. Бұл үшін контейнер ыдыстарды қоюға арналған алаңдар құйылды. Оларды орнату жұмыстары әлі жалғасын тауып жатыр. Жыл соңына дейін қосымша шамамен 1 мың еуроконтейнер сатып аламыз ден жоспар бар, - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктен.

Жаңа қоқыс контейнерлері үшін «Спецмашин» ЖШС жаңадан 18 қоқыс таситын машина сатып алған.

Тегтер: