Перизат Қайрат дайын диплом сатып алғысы келген бе

17 Шілде 2025

Астанада қайырымдылық қордың бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысында куәгерлерден жауап процесі жалғасып жатыр.

Instagram/01pk
Instagram/01pk

Сот отырысында куәгер Толғанай Боранқұловадан жауап алынды. Прокурор Мәдина Оразалина сотталушы Перизат Қайраттың ұялы телефонындағы (2023 жылғы 18 мамырдағы) хат алмасуды оқып берді. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Перизат Қайрат танысымен хат алмасу барысында қазақстандық дипломды алу мүмкіндігі туралы сұрастырған.

– Қазақстан дипломын «жасатып алуға» көмектесетін таныстарың бар ма? – деп оқыды прокурор Толғанай Боранқұловаға жіберілген хабарламаны.

Куәгер өз кезегінде хат алмасудың шынайылығын растады.

- Менің ойымша, сол уақытта ол бір министрдің көмекшісі болып жұмысқа орналасып жатыр еді, - деп толықтырды Т. Боранқұлова.

Оның айтуынша, күдікті Перизат Қайратпен достық қарым-қатынаста болған.

Тегтер: