Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

5 Сәуір 2025

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Нұрғали Жұмағазы
Нұрғали Жұмағазы

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады.

— Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтіп жатыр.

Тегтер: