Президент Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады
21 Шілде 2025
Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.