Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

30 Сәуір 2025

Мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ақорда
Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, — делінген хабарламада.

Тегтер: