Президент Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады
10 Наурыз 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
«Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.