Президенттік жастар кадр резерві: іріктеуден өткендер қайда жұмыс істейді

10 Қараша 2025

Президенттік жастар кадр резерві Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде іріктеу төрт рет өткізілді — 2019, 2021, 2023 және 2025 жылдары.

Ақорда
Ақорда

Жобаның негізгі мақсаты — талантты, бастамашыл және білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, онлайн-платформа арқылы іріктеуге қатысуға 97 мыңнан астам азамат қызығушылық білдірген.

Іріктеу нәтижесінде 450 жас маман Президенттік жастар кадр резервіне енді:

2019 жылы – 300 адам,

2021, 2023 және 2025 жылдары – әрқайсысында 50 адамнан.

Резервке енген жастарға саяси мемлекеттік қызметке, «А» және «Б» корпустарындағы басшылық лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі берілді.

Қазіргі таңда алғашқы үш легтің 400 қатысушысының 321-і (80,7%) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет атқарып жүр.

Олардың арасында:

38 адам – саяси лауазымдарға тағайындалған;

5 резервист – «А» корпусының қызметінде;

3 адам – Мәжіліс депутаты;

1 резервист – мәслихат депутаты атанған.

Резерв өкілдерінің арасында:

Рыспеков Д.А. – Ұлытау облысының әкімі;

Нұрпейісов А.Б. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы;

Споткай М.А. – Сенат Аппаратының басшысы;

Байел А.Д. – Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Адамбеков Т.С., Байтелесов Н.Т., Мутали А. – Парламент Мәжілісінің депутаттары.

Еске сала кетсек, төртінші іріктеу 2025 жылғы 24 қазанда аяқталып, алты бағыт бойынша 50 жаңа резервисттің тізімі жасақталды.

Олар келесі бағыттарды қамтиды:

инфрақұрылым және өнеркәсіп,

агроөнеркәсіп кешені мен экология,

сыртқы саясат пен инвестициялар,

экономикалық және қаржылық саясат,

цифрландыру,

әлеуметтік сала және азаматтық қоғам.

Қазіргі уақытта Агенттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа резервистерді жұмысқа орналастыру жұмыстарын бастады.

Тегтер: