Путиннің ішінара мобилизация туралы мәлімдемесінен кейін ресейліктер елден шығуға жаппай билет ала бастаған
Қазір Мәскеуден Алматыға тура ұшатын рейске билет қалмаған, ал Красноярск арқылы ұшатын рейске билет 500 мың теңгеден басталады.
⠀
Сонымен қатар өзге елдерге ұшу билетінің құны да шарықтап кеткен.
⠀
Мәскеуден Дубайға ұшатын рейске де билет таусылып қалған. Ал 22 қыркүйекке арналған билет құны 42 мың рубль немесе 334 мың теңгеден басталады.
⠀
Тіпті Мәскеуден Тбилисиге билет жоқ. Әдетте мұнда ұшу құны 15-20 мың рубльден басталатын. Путиннің мәлімдемесінен кейін баға 3-5 есеге өскен.
⠀
Мәскеуліктер үшін Астанаға тікелей рейс билеттері мүлдем қолжетімсіз болып қалды.
⠀
Айта кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған еді.
⠀
Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.