Ресей «астық үшін» соғыста да жеңіліс тапты

3 Қараша 2022

Бұған Түркияның өте қатқыл талабы тікелей әсер етті.

Ресей Президенті Владимир Путин «астық келісімінің» бұзылғанын мойындамаған Түркиямен ашық кикілжіңге келуге бата алмай украин азық-түлігін сыртқа шығарып беруге уәде етті.

Астық жөніндегі келісімнен шыққандарын жариялағаннан кейін арада төрт күн өткесін РФ қорғаныс министрлігі өзінің тамыз айының басынан бері Украинаның 10 млн тонна агроөнімдерді сыртқа шығаруға мүмкіндік берген «гуманитарлық дәлізге» қатысуын қалпына келтіретінін хабарлады.

Ресейдің дәлізде ұрыс қимылдарын жүргізбеу жөнінде талабына сай Украина сенім хат тапсырды.

Түрік Қорғаныс министрі Хулуси Акар соңғы үш күнде ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен қайта-қайта сөйлесумен болды.

Соның басында ол Түркия туы астындағы астық тасушы кемелердің Украинаның Қара теңіздегі порттарынан шығуды жалғастыратынын мәлімдеп, дәліздің қауіпсіз бөлігіне «кедергі келтіру мен арандату» әрекеттерін жасамауға шақырды.

Түркияның Қара теңіздегі кемелері саны жағынан Ресейдікінен үш есе көп.

Дүйсенбі күні түріктердің қорғауымен 12 кемеден тұратын астық керуені украин порттарынан шығып, Дарданелл бұғазына қарай бет алды.

Сөйтіп Ресей бұл жолы да украин астығына залал жасай алмай қалды.

Ресей «астық үшін» соғыста да жеңіліс тапты
Тегтер: