Ресейлік миллиардер Қазақстан азаматтығын алды
10 Маусым 2022
Миллиардер Тимур Турлов Ресей паспортын қазақстандық төлқұжатқа ауыстырды.
Кеше миллиардер, Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов Қазақстан азаматы атанғанын сүйіншілеп хабарлады.
Еске сала кетейік, Тимур Турлов Freedom Holding Corp компаниясының ірі акционері болып саналады.
Ол бұл компанияның 72,56 пайыз акциясына иелік етіп отыр. Компанияның ағымдағы капитализациясы 4 млрд долларға бағаланып отыр. 2022 жылы Тимур Турлов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына кірді. Ол рейтингте 7-орында тұр.