Ресейлік телеарналар Қазақстанда хабар таратуын тоқтатпақ
27 Қыркүйек 2022
«Beeline» компаниясы Қазақстан аумағында оннан аса ресейлік арнаның трансляциясын тоқтату туралы шешімге келді.
Компанияның бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз.
5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетпейтін болады.
«Дом кино», «Победа», «О!», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Карусель International», «Россия 24»,«Музыка Первого», «РТР Планета», «Время: далекое и близкое», «Телекафе», «Поехали», «Дом кино Premium HD», «Бобёр»,«Россия К» арналары көрсетпейді», – делінген хабарламада.
Олардың орнын «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары баспақшы.