Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды
14 Ақпан 2024
Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады Антикордан.