Саясат Нұрбек жаңа қызметке тағайындалды
11 Маусым 2022
ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.
Сәйкесінше, Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.
Біріншісі тек жоғары білім беру және ғылым салаларын дамытумен айналысады.
Президенттің пікірінше, мұндай қадам отандық ғылымды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде сала мамандары арасында бәсекелестік туындайды.