Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

15 Қаңтар 2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа жіберілді.

Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», — делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың жауабында.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», — деп аталып өткен хабарламада.

Тегтер: