Семей полигонынан зақымданған жерлер енді пайдалануға берілмек

13 Сәуір 2022

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті.

Мәжілісте «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын қайта қаралып,депуттатардың талқысына түсті.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама оқып, Семей аймағындағы игерілмей жатқан қосалқы жерлерді игеру, полигонға жауапты ұйымды тағайындау, ластанған шекарды айқындау, пайдалануға беру туралы жаңа заңдарды таныстырды. Оның айтуынша, бұрынғы Семей полигонының жері үш облыстың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы қосалқы жерге жатады, бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақта болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады.

«Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Сондай-ақ радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілмеуіне байланысты радиоактивті зақымданудың жылыстауы бойынша өзекті деректер жоқ», — деді министр.

Мәжіліс отырысында депуттатар ең көп сұрақты осы Болат Ақшолақовқа қойды. Жақында құрылатын Абай облысының құрамына кіретін Дегелең, Балапан аймағындағы ластанған жерлерге енді айрықша көңіл бөлінбек.

Семей полигонынан зақымданған жерлер енді пайдалануға берілмек
Тегтер: