Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан екі мәрте үздік ондыққа енді
18 Маусым 2025
Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында қылышпен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстандық Артём Саркисян үздік ондыққа еніп, жетінші орынға ие болды. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапониялық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді - 14:15. Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы 31, Назарабай Саттархан 36-орынға тұрақтады.
София Актаева Азия чемпионатын 8-орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті. Күлжан Түсіпбекова 28, Алёна Гноева 31-орынды еншіледі.