Шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін
6 Наурыз 2023
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Біз қазір шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз», — деді Тамара Дүйсенова.