Шаңғышы Константин Борцов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
8 Ақпан 2025
Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов қысқы Азия ойындарында спринт жарысында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Спорт және туризм министрлігі.

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы үшінші жүлде болды.
Еске салайық, Қазақстан бүгін екі күміс медаль жеңіп алды.
Бірінші медальді шорт-трекшілер, екінші медальді конькиші Евгений Кошкин еншіледі.