Шанхайда тағы да локдаун жарияланды

30 Наурыз 2022

Қытайдың Шанхай қаласында COVID-19-дың өршуіне байланысты соңғы екі жылдағы ең үлкен локдаун жарияланды, деп хабарлайды Associated Press.

Шанхайда тағы да локдаун жарияланды

Шанхайдағы шектеулер екі кезеңге бөлінеді. 

Бірінші кезеңде Пудун экономикалық ауданы мен оның маңындағы аудандар дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады. 

Екінші кезең жұмада басталады, ол кезде Хуанпу өзенінің батысындағы Шанхайдың орталық бөлігіне шектеулер енгізілмек. 

Осы кезеңдерде тұрғындар үйден шықпауы тиіс, кеңселер мен маңызды деп саналмайтын кәсіпорындар жабылады, қоғамдық көліктер тоқтатылады.

 

#menaitamyn #sentynda

Тегтер: