Шет елге заңсыз кеткен ақшаны қайтаруды Тоқаевтың өзі қадағаламақ

5 Маусым 2022

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды.

«Бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады», – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталған комиссияға Бас прокурор жетекшілік етіп, Мемлекет басшысы өзі бақылайды.

Еске сала кетейік, биыл 8 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған қаржы мен заңсыз ақшаға сатып алынған активтерді қайтару мәселесін көтеріп, үкіметке екі ай ішінде ұсыныс беруді тапсырған болатын.

Шет елге заңсыз кеткен ақшаны қайтаруды Тоқаевтың өзі қадағаламақ
Тегтер: