ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 50-ден астам анықталды
20 Қараша 2025
Өскемен қаласында жүргізілген рейд барысында қос азаматтығы бар адам жауапқа тартылды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам шамамен 8 жыл бұрын өзге елдің азаматтығын алғанымен, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланып келген.
Сот шешімімен ол елден шығарылып, ҚР азаматтығынан айырылды.
- Қазақстан Республикасының заңдары қос азаматтыққа қатаң тыйым салады. Соған қарамастан, кейбір азаматтар зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдерден айырылып қалмау үшін шетелдік төлқұжат алғанын жасырады. Бұл заңбұзушылық әрі ауыр құқықтық салдарға әкеліп соғады, - делінген хабарламада.