ШҚО-да орманда адасып кеткен 3 адам табылды

20 Сәуір 2025

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында 3 ер адам орманда адасып кеткен.

Бейнежазбадан
Бейнежазбадан

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, азаматтар атқа мініп, орманға серуендеуге кеткен.

— Олардың талай уақыт бойы қайтып оралмағанына алаңдаған жақындары құтқарушыларға қоңырау шалды. ТЖМ қызметкерлері 3 ер адамды іздестіру жұмыстарына кірісті, — делінген ақпаратта.

Соның нәтижесінде, адасып кеткен адамдар орманнан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарсыз жолға шыққан олар адасып кеткен.

Айта кетейік, іздеуге құтқарушылардан бөлек, жедел құтқару жасағының кинологиялық қызметі, полицейлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды.

Тегтер: