ШҚО-да жетім қалған екі балаға 3 жыл бойы жәрдемақы төленбей келген – прокуратура

13 Наурыз 2026

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында прокуратура араласқаннан кейін жетім қалған екі балаға жәрдемақы төлене бастады.

ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы

Прокуратураға хабарласқан азамат өз қамқорлығындағы немересінің әлеуметтік құқықтарының бұзылуына қатысты арыз жазды.

- Тексеру барысында белгілі болғандай, кәмелетке толмаған балалар 2023 жылдың тамыз айынан бастап әжелерінің қолында тұрып жатыр. Алайда заң талаптарына қарамастан, сол уақыттан бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін оларға асыраушысынан айырылуларына байланысты жәрдемақы тағайындалмаған, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.

Аудан прокуроры уәкілетті органның атына прокурорлық ден қою актісін енгізді. Осыдан кейін мектепте балаларға 575 мың теңге көлемінде жәрдемақы қарызы төленіп, ай сайынғы төлем тағайындалды.

Тегтер: